424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда Джамна өзенінің бетінде улы көбіктер пайда болды

  • 131
  • UPD: 09:10, 26.06.2021
Үндістанда Джамна өзенінің бетінде улы көбіктер пайда болды

Нью-Дели қаласының жартысынан көп бөлігін ауыз сумен қамтамасыз етіп тұрған Джамна өзенінің бетінде улы көбіктер пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апатты жағдайға судың қатты ластануы себеп. Өйткені қалада күн сайын 3,5 миллиард литрдей ағын су қалыптасады. Бірақ олардың тек жартысы ғана жақсы тазаланады. Қалғаны лас күйінде осы өзенге барып төгіледі. Салдарынан тұрғындар арасында түрлі аурудың таралуына да себеп.

Бола, жүргізуші:

- Бұл өзеннің суы жаңбыр жауғанда ғана тазарады. Одан кейін қайта ластанады. Қазір оның ластанғаны соншалық, оған түссеңіз теріңізге жаралар шығуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы