Флойдтың өліміне кінәлі АҚШ полицейі 22,5 жылға сотталды

Миннеаполис полициясының бұрынғы офицері Дерек Шовен 22,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Миннесотаның жергілікті соты оған екінші деңгейлі кісі өлтіру бабы бойынша үкім шығарды.

Естеріңізге салайық, осыдан бір жыл бұрын қара нәсілді Джордж Флойдты тұтқындау барысында бұрыңғы офицер оны желке тұсынан тізесімен басып, тұншықтырудың нәтижесінде оның қайтыс болғаны белгілі болды. Оқиға орнынан түсірілген видео лезде әлеуметтік желіге тарап, АҚШ аумағындағы жаппай наразылық шаралары мен тәртіпсіздіктерге әкелді. Бүгінгі сот отырысынан кейін айыптаушы тарап мұндай шешімді әділетсіздікті жоюға жасалған бір қадамға теңеді.

Джордж Флойдтың және отбасының адвокаты:

- Бүгін АҚШ-тағы шешуші сәттердің біріне куә болдық. Дерек Шовен Миннесота штаттының тарихындағы ең ұзақ мерзімге сотталған полиция қызметкері атанды. Бұл осымен тоқтауға болады деген сөз емес. Өйткені қара нәсілді америкалықтарды өлтіруді доғару керек. Естеріңізде болсын, әділеттілікті орнату үшін әлі талай күресуге тура келеді. Мысалы, сол күні әлгі озбырлық орын алмағанда Джордж қазір бізбен бірге, отбасымен бірге болатын еді.