424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда торнадо тағы бір ауылды қиратты

  • 95
  • UPD: 12:13, 26.06.2021
Чехияда торнадо тағы бір ауылды қиратты фото: Euronews

Чехияға торнадо қайта төніп, солтүстік-батыстағы ауылдың тас-талқанын шығарды.

Зардап шеккендер жоқ. Алайда, материалдық шығын ондаған миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Чехияның оңтүстік-шығысында орналасқан Оңтүстік Моравияға соққан алғашқы торнадо бірнеше елді мекендегі үйлерді қиратқан болатын. Кем дегенде 300-ге жуық адам зардап шекті. Қаза болғандар саны 5 адамға дейін артты.

Ал жұма күні күші сәл әлсіздеу торнадо Чехияның солтүстік-батысындағы ауылға соқты.

Қазір Оңтүстік Моравияда 7 елді мекенде іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде.

Синоптиктердің мәліметінше, торнадо күші 5 балдық деңгейдің 3-ші немесе 4-ші деңгейіне жетті. Оның арты теннис добының көлеміндей бұршаққа ұласты. Бір отбасылар баспанадан айырылса, бірінің үйі жарықтан ажыраған. Зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде.

Хабар 24 телеарнасы