Майамиде құлаған көп қабатты үйде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

АҚШ-тың Майами-Дейд округінде жартылай құлап қалған көп қабатты үйде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетсек, бейсенбі күні  12 қабатты ғимарат қирап түсті. 4 адам қаза тауып, 159 тұрғын із түзсіз жоғалған. Мамандар «үйінділер астында ондаған тұрғын болуы мүмкін» дейді. Үй құлаған кезде ішінде нақты қанша адам болғаны белгісіз.

Даниэлла Левин Кава, Майами-Дейд мэрі:

- Аман қалған адамдар бар деген үміттеміз. Құтқарушылар оларды табу үшін бүкіл күшін салып жатыр. Олардың тәжірибесі мол. Бірде үйінді астында жеті күн қалып қойып, тірі қалған адамдар табылған. Сондықтан үмітімізді үзбей отырмыз.