424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкент екі аптаға карантинге жабылады

  • 442
  • UPD: 23:02, 26.06.2021

Коронавирустың дельта штамы Өзбекстанда да тіркелді. Бұл жөнінде көрші елдің инновациялық даму министрлігі мәлімдеді.

Өзбекстанда инфекция жұқтырғандар саны күрт өсіп барады. Тәулігіне 600-ге жуық адамнан коронавирус анықталып жатыр. Бұл бірінші кезекте азаматтардың санитарлық талаптарды сақтамай, карантин шараларын бұзғандығының салдары дейді мамандар. Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық комиссия жаңа қаулы шығарды. Енді Өзбекстанда әуежайлар мен вокзалдарда санитарлық талаптар күшейтіледі. Бетперде тақпаған жолаушылар қоғамдық көліктерге отыра алмайды. Ал санаторийлер мен жазғы лагерьлерге демалуға баратын ересектер мен балалар міндетті түрде ПТР тест тапсыруы қажет. Маусымның 28-інен бастап Ташкент қаласы екі аптаға жабылады. Шаһарға кіріп шығуға шектеу қойылады. Кафе, мейрамханалар, түнгі клубтар мен қоғамдық тамақтану орындары кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

Севара Убайдуллаева, коронавирусқа қарсы күрес штабының мүшесі: 

- Көптеген тұрғын тым босаңсып кетті. Бетперде тағып жүргендер аз. Статистика бойынша елімізде халықтың 97 проценті медициналық маскасыз жүреді. Той-томалақтарда тұрғындар тиісті талаптарды бұзып жатыр. Мерекелерге 100-ден артық қонақ шақырылады. Кіреберісте ешкім дене қызуын тексермейді. Көп адам ПТР тест тапсырмаған. Сондықтан бір-біріне жұқтырып жатыр. Қазір ауа райы ыстық, инфекцияның тез таралуына ыңғайлы уақыт.

Хабар 24 телеарнасы