424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастады

  • 105
  • UPD: 23:36, 26.06.2021
Иран «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастады

Иран мемлекеті ай сайын 2 млн жуық «Спутник V» вакцинасын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Иран аумағында аталған екпені өндіретін фармацевтикалық компанияның директоры Реза Мостоуфи мәлім етті, деп хабарлайды ИРНА-ға сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«Спутник V» вакцинасын өндіру қуаты ай сайын 2 млн доза. Бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрі Саида Намакидің қатысуымен аталған екпенің алғаш тестілеу партиясының ресми таныстырылымы өткен. Иран Таяу Шығыс елдері арасында ресейлік вакцинаны өндіріске енгізген алғашқы мемлекет. «Спутник V» бұл ел аумағында ұлттық вакциналау бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылады.

Айта кетсек, «Спутник V» екпесі бүгінде халық саны 3,5 млрд жеткен әлемнің 67 елінде тіркелді. Оның қатарында Аргентина, Сербия, Бахрейн, Венгрия, Мексика және тағы басқа мемлекеттер бар. Бұл елдер коронавирус індетіне қарсы жасалған ресейлік вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін мойындап отыр.

Хабар 24 телеарнасы