АҚШ-та салқындату орталықтары ашылды

АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, алдағы бірнеше күнде елдің солтүстік батыс өңірінде аптап ыстық болады.

Орегон, Вашингтон және Айдахо штаттарында ауа температурасы 40 градустан жоғары көтеріледі. Осы орайда елде салқындату жүйелерімен жабдықталған орталықтар ашылып жатыр. Оған кез-келген адам келіп, су ішіп, тынығып алуына болады. Аптап, әсіресе, Сиэтл мен Портленд қалаларының тұрғындарына қауіпті.

Ресми мәлімет бойынша, бұл шаһарлардағы үйлердің 30 процентінде ғана салқындату жүйелері бар.