Түркия қос теңізді жалғайтын каналдың құрылысы басталды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қара және Мәрмәр теңіздерін жалғайтын каналдың құрылысын бастап берді.

Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл Босфор бұғазындағы кеме қатынасын жеңілдетуге арналған жоба. Ол – әлемде ең көп кеме өтетін жолдардың бірі. Кейде кемелер оны өту үшін сағаттап, тіпті бірнеше күн өз кезегін күтуге мәжбүр. Түркия президентінің айтуынша, 15 миллиард долларға бағаланған бұл жобаның құрылысы алты жылдан кейін аяқталады. Жаңа каналға Монтрё конвенцияның шарттары жүрмейді. Бұл – Босфор бұғазы арқылы кеме қатынау еркіндігін қамтамасыз еткен құжат. Яғни одан өткен кемелер Түркияға ақша төлемейді.

Сондай-ақ...