Індеттің төртінші толқыны басталуы мүмкін – Германия билігі

Германияда санитарлық шектеулер жеңілдеді. Елде мейрамханалар жұмыс істеп, мұражайлар мен клубтар қайта ашылды. Той-томалақ өткізуге де рұқсат берілді. Қалаларда комендантық сағат алынып тасталды. Алайда саясаткерлер індеттің төртінші толқыны басталуы мүмкін деп отыр. Ондай жағдайда қатаң карантин қайта енгізіледі. Жуырда үкімет Ресей мен Португалияны коронавирус мутациялары өршіген елдер тізіміне қосты. Келесі аптадан бастап осы мемлекеттерден келгендер 14 күндік карантинге жіберіледі. Бұған дельта штамының таралуы себеп. Қазір ол науқастардың 15 процентінде тіркеліп отыр.  

Йенс Шпан, Германия Денсаулық сақтау министрі:

Жазда дельта штамы вирустың өзге түрлерінен көп болады. Нақты сандарға қарап, осындай болжам жасап отырмыз. Алайда елде жағдай қалай өрбитіні өзімізге байланысты. Қанша адамға екпе жасаймыз және вирустың тағы қандай жаңа түрі шығады? Соған қарап, жағдайды бақылаймыз.

Айта кету керек, Германия індетпен күресте жақсы жетістікке жеткен. 84 миллион халқы бар елде соңғы тәулікте 717 науқас анықталды. Ал қыста бұл көрсеткіш 30 мыңға дейін жеткен.