АҚШ-та әуе шары құлап, бес адам қаза тапты

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Альбукерке қаласында әуе шары жерге құлап, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, әуе шары электр желісіне соғылған. Шардан үзілген кабина төмен құлап, өртенді. Оның ішінде 5 жолаушы болған. Төртеуі апат орнында қаза тапты. Ауыр жарақат алған бесінші жолаушы ауруханаға жеткізілді. Кейін оның да көз жұмғаны белгілі болды. Осы апаттың кесірінен 13 мың тұрғын жарықсыз қалды.