Майамиде құлаған үйдің үйінділерінен бір адамның денесі табылды

Майамиде құлаған үйдің үйінділерін аршып жатқан құтқарушылар тағы бір адамның денесін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір осы апаттан бес адамның опат болғаны белгілі. 156 тұрғын ұшты-күйлі жоқ. Соған қарағанда үйінділер астында қалып қойғандар әлі де табылуы мүмкін. Құтқарушылар күні-түні дамыл таппайды. Иісшіл иттерді де әкелген.

Еске сала кетейік, бейсенбі күні 12 қабатты үй құлаған. Ресми мәлімет бойынша онда 130-дан аса пәтер болған. Апаттың себебі белгісіз. Нысан осыдан 40 жылдай бұрын салынған. Жергілікті билік сол кездегі салынған басқа жда үйлердің қауіпсіздігін тексеріп жатыр.