Түркиядағы әйгілі Мармариc курортында өрт шықты

Түркиядағы әйгілі Мармарис курорттық ауданында орманды алқап өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір адам опат болған. От бірте-бірте жайылып, Ичмелер және Турунч елді мекендеріне таяп қалған. Таңертеңгі сағат 10:30-да басталған өрт сөндіруге әлі мүмкіндік болмай тұр. Қазір бұл жерде 6 тікұшақ, 35 су шашқыш техника мен арнайы құтқару жасақтары арпалысып жатыр. Ал жағажайда демалып жатқан жұрт жайбарақат.