Үндістанда коронавирустан екпе алғандар саны 320 млн-нан асты

Үндістанда COVID-19 коронавирус инфекциясынан вакцина алғандар саны 320 миллионнан асты.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, RT хабарлайды.

«Елде 27 маусым күні таңертең 321 760 адам коронавирусқа қарсы вакцина алды», - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте Үндістанда 6 425 893 адам екпе алды. Агенттіктің хабарлауынша, елде 21 маусымнан бастап 18 жасқа толған барлық азаматтарға вакцина салынады.

Сондай-ақ...