Беларусьте бір тәулікте 609 адамнан коронавирус анықталды

Беларусь елінде бір тәулікте 609 адамнан COVID-19 анықталды. 779 пациент жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы бері Беларусь елінде 415 339 адамда коронавирус ПТР-тест арқылы анықталды. Індеттен 408 307 пациент жазылды, оларда COVID-19 диагнозы қойылған болатын.

Елде коронавирус инфекциясынан 3 113 пациент көз жұмды.

Өткен тәулікте 18 032 тест жасалды. індет басталғалы бері елде инфекцияны анықтау үшін 6 754 808 тест жасалған.