424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Майамиде тұрғын үйдің опырылуынан көз жұмғандар саны тоғыз адамға жетті

  • 99
  • UPD: 23:03, 27.06.2021
Майамиде тұрғын үйдің опырылуынан көз жұмғандар саны тоғыз адамға жетті фото: Reuters

Майами-Дейд округінің басшысы Даниэлла-Ливайн Каваның айтуынша, тұрғын үйдің опырылып құлауынан көз жұмғандар саны тоғыз адамға жетті.

Бұл туралы ол баспасөз-конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды RT.

«Бір түнде тағы төрт адамның денесі табылды. Осылайша, қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті», делінген хабарламада.

Израильден келген құтқарушылар оқиға орнына көмекке келді. Үйінді астында 150-дей адам қалуы мүмкін.

Бұдан бұрын АҚШ президенті штатта тұрғын үйдің құлауынан кейін Флоридада төтенше жағдай жариялаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы