Ұлыбританияда бір тәулікте 14 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Ұлыбританияда бір тәулікте 14 876 адамнан COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталды.

Бұл туралы RT хабарлайды.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 4,73 млн-нан асты.

Сондай-ақ Ұлыбританияда COVID-19-дан бір тәулікте 11 адам көз жұмды, жалпы індеттен мерт болғандар саны 128 100-ге жетті.