Бангладеште көп қабатты үйдегі жарылыстан 7 адам қаза тапты

Бангладеш астанасы Дхакада көп қабатты үйде жарылыс болып, 7 адам опат болды. Тағы 50-ден аса кісі жараланды.

Оқиға халық көп шоғырланған Монбазар ауданында болды. Жарылыстың күштілігі соншалық жақын маңдағы 7 ғимарат бүлініп, 3 автобус қирап қалды. Қазір оқиға орынында апаттың себебі анықталып жатыр. Алдын ала тергеуге қарағанда жарылыс газдан болуы мүмкін. Төтенше оқиға болған үйде электрлі заттар, ет сататын дүкен мен мейрамхана болған екен.