Сирияда АҚШ-тың әуе шабуылынан бейбіт тұрғын мерт болып, бірнешеуі жараланды

Иракпен шекаралас Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында АҚШ-тың әуе шабуылдары салдарынан үш бейбіт тұрғын жарақат алып, 1 баланың мерт болған, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Әуе шабуылы жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 1-де Сирия-Ирак шекарасының маңындағы ауылдық жерлерде болғандығы атап өтілді.

Жарақат алғандардан басқа, журналистер келтірілген материалдық шығын туралы да хабарлады.

Еске салайық, АҚШ әскери-әуе күштері Сирия мен Ирактағы Иран қолдап отырған қарулы топтар қолданатын аумақтарға әуе шабуылдарын бастаған. Тиісті бұйрықты Америка президенті Джо Байден жексенбі, 27 маусымда берді.