Мәскеуде бір тәулікте 114 адам ковидтен қайтыс болды

Ресей астанасында коронавирустан соңғы бір тәулікте 114 адам қайтыс болып, қайғылы рекордтық көрсеткіш орнады.

Вирусты 6 мыңнан астам тұрғын жұқтырып алды. Жалпы Мәскеуде бүгіннен бастап жаңа шектеу шаралары күшіне енді. Мейрамхана мен дәмханаларға тек коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар мен дерттен жазылып шыққандар ғана кіргізілетін болады.