Малиде шабуылдан алты адам қаза тапты

Малидің орталығында шабуыл болып, алты адам қаза тапты.

Тағы 13 адам жарақат алды, деп хабарлады RFI.

Мәліметтер бойынша, қаруланған адамдар Дуэнца ауылының маңында қоғамдық көлікке шабуыл жасаған. Жәбірленушілердің бесеуі ауыр жарақат алды. Шабуылды жиһадшылар жасады деген болжам бар.