Чехияда торнадо құрбандарының саны артты

Чехияда жойқын торнадо кезінде жарақат алған тағы бір адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Екі жастағы бала – торнадо салдарынан мерт болған алтыншы адам. 

Естеріңізге сала кетейік, дауыл соққан аудандарда 1200 үй қираған, оның 70-і толығымен. Көбіне Чехияның оңтүстік аймағындағы жеті елді мекен зардап шеккен. Онда кем дегенде 150 адам жарақат алды.