425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияның туризм саласы зор шығынға ұшыраған

  • 156
  • UPD: 11:04, 28.06.2021
Грекияның туризм саласы зор шығынға ұшыраған

Коронавирус пандемиясының кесірінен Грекияның туризм саласы зор шығынға ұшыраған.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда осы саладан түсетін табыс 76 процентке азайды. Биыл жазғы маусым басталғанымен жергілікті шипажайлар қаңырап тұр. Бұған қарамастан қонақүйлер мен мейрамхана иелері кәсіптің біртіндеп қайта жанданатынына сенімді. Грекия осыдан бір ай бұрын шетелдік туристерді қабылдай бастады.

Петра Мархейнеке, кәсіпкер:

- Күн көру үшін ашылдық. Сәл болса да ақша тауып, қызметкерлерімізге жалақы төлеу үшін. Жақында кәсібіміз өрлейтініне үмітім зор.

Хабар 24 телеарнасы