424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанның әскери базасына шабуыл жасалды

  • 106
  • UPD: 11:47, 28.06.2021
Үндістанның әскери базасына шабуыл жасалды

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы әскери әуе күштері базасына шабуыл жасалып, 2 адам жарақат алды.

Оқиға Пәкістан шекарасынан 14 шақырымдай жердегі әуежайда болды.

Әскерилердің мәлімдеуінше, шабуыл дрондармен жасалған. Атқылаудан бір ғимараттың төбесі бүлінген. Билік шабуылды лаңкестік әрекет деп мәлімдеді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы