АҚШ-тың Орегон штатында аптап ыстық орнады

АҚШ-тың Орегон штаты күн ми қайнайтындай болып ысыды. Портленд қаласында сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріліп, аймақта бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш орнады.

Аптап ыстықтан тұрғындар дүкендердегі ауыз су мен сусындарды талап әкетіп жатыр. Салқындатқыш орындарға барып қорғанған адамдар да көп. Ауа райын болжаушылар елдің солтүстік-батысында күн мұнан бетер ыситынын айтады. Билік халықты электр энергиясымен қамтамасыз етуде қиындықтар туындауы мүмкін деп отыр.