Гонконгте су тасқыны кесірінен вакциналау тоқтатылды

Гонконгта толассыз жаңбыр жауып, елді-мекендерді су басып жатыр.

Гонконг, Лантау және Ламма аралдарында 150 миллиметрге дейін жауын-шашын түсіп, бірқатар әкімшілік ғимарат су астында қалды. Қолайсыз ауа райынан аймақта мектептер жабылып, халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары уақытша тоқтатылды. Көлік қатынасы да тұралаған.