424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда 16 адамды өлтірген піл іздестірілуде

  • 187
  • UPD: 15:13, 28.06.2021
Үндістанда 16 адамды өлтірген піл іздестірілуде

Үндістанның Джаркханд штатында үйірінен бөлек қалған піл екі айда 16 адамды өлтірді, деп жазды Daily Mail.

Соңғы шабуылы 22 маусымда болған. Піл ол кезде ауыл көшесіне шыққан қарт ерлі-зайыптыларды таптап кеткен.

Сонымен бірге, жануар тек оған тым жақындағандарға немесе оның жолында кездескендерге шабуыл жасағаны туралы хабарланды.

Піл әлі қолға түскен жоқ. Орманшылар оның өз үйірін қуып бара жатқанын анықтады.

Хабар 24 телеарнасы