424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Африкада шектеу шаралары күшейді

  • 94
  • UPD: 17:16, 28.06.2021
Оңтүстік Африкада шектеу шаралары күшейді Delo.ua

Оңтүстік Африка Республикасы коронавирус штамдарының таралуына байланысты шектеу шараларын күшейтті.

Ол 14 күнге созылады. Енді осы уақыт аралығында тұрғындардың топтасып жүруіне болмайды. Мекемелердің алкогольді ішімдік сатуына рұқсат жоқ. Мейрамханаларда тек өзімен бірге алып кету қызметі ғана жұмыс істейді. Ал түнгі уақытта коменданттық сағат орнайды.

Айта кетейік, Оңтүстік Африка республикасы – Қара құрлық елдері арасында ковидтен ең көп зардап шегіп отырған мемлекет. Қазір ол індеттің үшінші толқынын бастан өткеріп жатыр. Тақауда ғана 15 мың адамнан қауіпті инфекция табылған. Бұл қаңтар айындағы көрсеткішпен шамалас. Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдай Дельта штамының тым тез тарап кетуімен байланысты.

Хабар 24 телеарнасы