Лондонның қақ ортасында жойқын жарылыс болды

Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, метроның «Элефант энд касл» вокзалындағы өрттен сауда нысандары мен бірнеше автокөлік отқа оранған.

Қазір мен оқиға орнына жақын жерде тұрмын. Көкте түтін қаптап, исі мұрын жарады. Бұл Elephant and Сastle атты метро бекетінің маңы. Қазір шамамен жетпістей өрт сөндіруші тілсіз жаумен күресіп жатыр. Үш коммерциялық нысан, төрт автокөлік және телефон будкасы өртенді деген ақпарат бар. Жергілікті тұрғындар үйлерінен шықпай, есік-терезелерін қымтап ұстасын деген ескерту алды. Барлық пойыз қатынасы тоқтады. Лондон уақыты бойынша шамамен түскі 13:45-терде оқиға орнына 10 өрт сөндіру көлігі жеткені белгілі. Алдын ала болжамдар бойынша, өрт темір жол вокзалына жақын жердегі бірнеше гараждарда тұтанған. Әзірге адам шығыны жайлы қандай да бір ақпарат жоқ. Белгілісі отты сөндіруге 70 маман мен он шақты техника жұмылдырылған. Осы маңда тұратын адамдар бірнеше жарылыстың естігенін айтады. Мейрамханалар мен кеңселерде жұмыс істейтіндердің барлығы сыртқа шығарылды. Бірақатар көлік жолдары жабылып отыр, халыққа бұл ауданды сырт айналып өтуге және автобус, метро пайдаланбауға кеңес беріліп отыр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы