Метродағы өрттен алты адам зардап шеккен

Лондонның қақ ортасында шыққан өрттен 6 адам зардап шеккен.

Бесеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жеткізілген. Қазір от сөнген. Соған қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнын әлі де торуылдап, күзетіп жүр. Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Дей тұрғанмен, оның терроризмге ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Лондонның қақ ортасында өрт шығып, «Элефант энд касл» метро бекетінің маңындағы бірнеше сауда нысаны мен автокөліктер жанған. Сақтық үшін жолдар жабылып, тұрғындарға апат орнынан аулақ жүруге кеңес берілді.