Калифорния штатында аптап ыстықтан тағы орман өртенді

АҚШ-тың Калифорния штатында аптап ыстықтан ормандар өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы штаттың оңтүстігінде тағы бір өрт ошағы тіркеліп, жалын 800-ден астам гектар жерге таралып үлгерген. Тілсіз жаумен ондаған өрт сөндіруші күресіп жатыр. Қызыл жалын жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұрғаны жайлы мәлімет жоқ. Бірақ өрттен кей тасжолдағы көлік қатынасына әсер еткен.

Айта кетейік, АҚШ-та аптап ыстықтан осы елдің оңтүстік-батысындағы бірқатар штатта орман өрті жиіледі.