Майамидегі тұрғын үй апаты: 150 адамның тағдыры белгісіз

АҚШ-тағы Флорида штатының Майами аумағына кіретін Серфсайд қаласында көп қабатты тұрғын үй құлап, қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Майами-Дейд округінің билігінің айтуынша, тағы 150 адамның тағдыры белгісіз. Зардап шеккендер мен қайтыс болған тұрғындардың отбасыларына көмек көрсету үшін 1,6 миллион доллар жиналған.

Сонымен бірге, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки брифинг барысында АҚШ президенті Джо Байден қайғылы жағдайдың мән-жайын федералды деңгейде тергеу идеясын қолдайтынын айтты.

Белгілі болғандай, 2018 жылы сарапшылар аталған үйден құрылымдық ақаулар тапқан.