Канадада термометр көрсеткіші 46 градустан асып кетті

Кешелі бері Канадада аптап ыстық алқымнан алып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің батыс өңірінде термометр көрсеткіші 46 градустан асып кеткен. Бұл соңғы 84 жылда болмаған көрсеткіш. Шыжыған күнге байланысты көшедегі жұрт көлеңке іздеп, су жағасын жағалап жан бағуда. Өйткені синоптиктердің сөзінше, мұндай ауа райы апта бойы сақталады. Сондықтан Ванкувер билігі тұрғындардың салқындауы үшін желдеткіші бар арнайы орталықтар құрмақ екен.

Айта кетейік, жылдың осы уақытында Канадада мұндай ыстық болмайды. Әдетте ауа температурасы 24 градус шамасында сақталады.