Майамиде тұрғын үйдің құлауынан опат болғандар саны артты

АҚШ-тың Сёрфсайд қаласында опырлып құлаған 12 қабатты тұрғын үйдің астынан тағы бір адамның денесі табылып, құрбандардың саны 11-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлі жүзден астам адамның тағдыры белгісіз. Апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Сёрфсайд қаласында 12 қабатты тұрғын үйдің жартысы опырылып құлады. Кешенде 100-ден аса пәтер болған. Апаттың себебі әлі белгісіз. Алдын ала тергеу 1981 жылы салынған ғимараттың зақымданғанын анықтады.