Ирак үкіметі АҚШ-тың әуе соққыларын айыптады

Ирак үкіметі АҚШ-тың Сирия шекарасы жанында қарулы жасақтарға әуеден соққы беруін айыптады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан кейін Ирак үкіметі басшысы шұғыл отырыс өткізіп, келешекте мұндай әрекетті болдырмау үшін күш салатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше Ирактағы АҚШ күштері осы елдің Сириямен шекарасында екі қарулы топтың бекіністеріне соққы берді. Салдарынан 4 адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланған. Вашингтон операция қорғаныс мақсатында жүзеге асырылғанын хабарлады. Себебі, Иран қолдау көрсетіп отырған бұл қарулы топтар дрондар арқылы америкалық базаларға шабуыл ұйымдастырды дейді.