АҚШ-та адамның коронавирус жұқтырғанын анықтайтын маска шықты

Америкалық сарапшылар ерекше маска ойлап тапты.

Оның көмегімен масканы таққан адамның коронавирус жұқтырғанын анықтауға болады. Бұл туралы Массачусетс технологиялық институтының сайтында жарияланған мақалада жазылған. Оның мамандары Гарвард университетіндегі әріптестерімен бірлесіп, кішкене датчигі бар маска жасап шығарды. Оны зертханалық халаттарға және басқа да киімдерге тігуге болады.

Датчик масканы таққаннан кейін шамамен бір жарым сағат өткен соң нәтиже көрсетеді.

Осындай типтегі датчиктер бірнеше жыл бұрын дами бастаған. Олар бұған дейін Эбола және Зика вирустық инфекцияларын анықтау үшін қолданылған.