Бразилиялық ғалымдар гипсті алмастыратын ортез ойлап тапты

Бразилияда ғалымдар адам сүйегін сындырып не шығарып алғанда қолданатын гипсті алмастыратын экологиялық таза құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

3D принтерде басылып шығарылатын өнім биоыдырағыш пластиктен жасалады. Ол үшін қызылша, қант қамысы және жүгері пайдаланылады. «Бірақ зақымданған денені таңып, қалпына келтіруге қолданылатын жаңа құрылғы гипстен әлдейқайда жеңіл әрі ыңғайлы», - дейді мамандар.

Кэролайн Сулиан, дәрігер:

- Бұл құрылғының гипстен ерекшелігі ең алдымен оның салмағында. Ол гипске қарағанда әлдеқайда жеңіл. Гипсте қолыңыз терлеп қышыса, мына ортезде ондай ыңғайсыздық туындамайды.