Жаңа Зеландияда антарктикалық желден күн күрт суытты

Жаңа Зеландияда Антарктикадан соққан суық желден күн күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн райының өзгеруіне байланысты ел астанасы Веллингтон қаласына қарасты кей аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Теңізде күшті толқын тұрғандықтан, кемелер де тоқтады. Жағалауға жақын аудандардағы тұрғындарға қауіпсіз жерге көшуге дайын болу керектігі ескертілген.