424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда шектеу шаралары күшейтілді, ауруханаларда бос орын қалмаған

  • 112
  • UPD: 09:42, 30.06.2021
Индонезияда шектеу шаралары күшейтілді, ауруханаларда бос орын қалмаған

Индонезияда Delta штамды жұқтыру деректерінің артуына байланысты ел аумағында шектеу шаралары тағы күшейді.

Енді мекеме қызметкерлерінің басым бөлігі қайта қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Кафе-мейрамханалар қызметін тоқтатады. Ал ел ішінде ұшақпен ұшу үшін азаматтардың қолдарында міндетті түрде теріс нәтижелі ПТР тест болуы қажет.

Айта кетейік, қазір бұл елде вирус жұқтыру көрсеткіші өте жоғары. Дәрігерлер кей ауруханаларда бос орын қалмады деп дабыл қағып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы