Канадада аптап ыстықтан ондаған адам қайтыс болды

Канадада рекордтық ыстық ел тұрғындарын әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Ондағы Британдық Колумбия провинциясында екі күн ішінде кенеттен 70 адам қайтыс болған. Осы аптада Канадада рекордтық температура 49,5 С болды. Бұған дейін ешқашан 45 градустан аспаған.

Ал жақын маңдағы Бернаби қаласында 25 адам қайтыс болған, олардың көбі қарт адамдар екені белгілі болды.

«Біз мүмкіндігінше үйде болуға тырысамыз. Далаға шығу мүмкін емес», - деді Литтон елді мекенінің тұрғыны.

Сондай-ақ...