Лампедузада кеме апатқа ұшырап, бес мигрант қаза тапты

Италияның Лампедуза аралының маңында кеме апатқа ұшырап, Африкадан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға бармақ болған бес мигрант қаза тапты.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, босқындар мінген қайық күтпеген жерден Лампедуза жағалауынан шамамен бес мильдік теңізге аударылып кетті.

Кеме аударылған аймақта теңізшілер бірден құтқару жұмыстарын бастады. Нәтижесінде 48 мигрант судан шығарылып, Лампедузаға жеткізілді.

Сондай-ақ...