«ЭКСПО-2020»: Індеттен кейінгі көрмеге қанша адам қатысады?

Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесіне 25 милион адам қатысуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтулы шара биыл қазан айынан келесі жылдың наурызына дейін болады. Көрме кезінде бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті. Ғимараттарда санитарлық талаптар ескеріліп, медициналық орындар ашылады.

Бұдан бөлек, көрмеге қатысушылардың барлығын коронавирусқа қарсы тегін вакциналау қарастырылған.

Айта кетейік, ЭКСПО-2020 былтыр коронавирус індетінің таралуына байланысты кейінге шегерілген болатын.