Шерушілер Христофор Колумб ескерткішін қиратып тастады

Колумбияның Барранкилья қаласында билікке қарсы наразылық шеруі өтті.

Ашуға бой алдырған шерушілер осы құрлықты ашқан испан теңізшісі Христофор Колумбқа арналған ескерткішті қиратты.

Еске сала кетейік, Колумбияда мұндай тәртіпсіздіктер сәуір айынан бері жалғасып келеді. Толқудың басталуына преизденттің індетке қарамастан салық реформасын ұсынуы себеп болды. Мамыр айында 90-ға жуық шеруші жоғалып кетіп, халық наразылығы қайта күшейді.

Джон Фреди Сепульведа, Барранкилья қаласы Полициясының басшысы:

– Шерушілер Христофор Колумбқа арналған ескерткішті тас талқан етті. Бұл әрине өте өкінішті. Себебі ол қаламызда 120 жыл бойы тұрған еді.