Лондонда белгісіз біреулер Британияның бас дәрігеріне шабуыл жасады

Ұлыбританияда белгісіз екі адам Қасиетті Джеймс саябағында елдің бас дәрігері Крис Виттиге шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net.

Дәрігер бейтаныс адамдармен жанжалдасудан қашқанмен, олар шенеунікке бас салып, жүргізбей және мазақ еткен.

Бұл іске полиция араласты. Және Британия премьер-министрі Борис Джонсон болған оқиғаға қатысты пікірімен бөлісті.

«Мен бұл бұзақылардың әрекетін айыптаймын. Біздің еңбекқор мемлекеттік қызметкерлер біздің көшеде мұндай қорлыққа тап болмауы керек және біз оған жол бермейміз», - деп жазды ол Twitter-де.