Covid-19: Еуроодақ Еуропа чемпионаты ойындары үшін алаңдаулы

Еуропа футбол қауымдастығы одағы Ұлыбританияда футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалы мен финалын өткізу мәселесін тыңғылықты сараптауға тиіс.

Еурокомиссия вице-президенті Маргаритис Схинас осылай деп мәлімдеді. Себебі Біріккен корольдікте үнді штамын жұқтырғандардың саны күрт өскен. Қазір дертке шалдыққандардың 95 процентінен коронавирустың осы түрі анықталып отыр. Бұл Еуроодақтағы көрсеткіштен 4 есе жоғары. Ал Лондондағы Уэмбли стадионында өтетін Еуропадағы басты спорттық шараға 60 мыңнан аса жанкүйер жиналуы мүмкін.

Маргаритис Схинас, Еурокомиссияның вице-президенті:

– УЕФА Коронавирустың «Дельта» штамы өршіген тұста футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалы мен финалын стадион толы жанкүйерлермен өткізу идеясы алаңдатарлық жағдай. Бұл мәселеге атүсті қарамай, мәселені жан-жақты қарастырған жөн.