425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ Қытайдың безгекті жеңгенін жариялады

  • 148
  • UPD: 15:42, 30.06.2021
ДДСҰ Қытайдың безгекті жеңгенін жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Қытай безгекті жеңді» деп жариялады.

Елді осы жетістігімен құттықтаған ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус мемлекеттің еңбегі ерен екенін атап өтті. Қытай соңғы 30 жылда Батыс-Тынық мұхиты аймағында осы жұқпалы ауруды жеңген алғашқы мемлекет болды.

Айта кетейік, Қытай безгек ауруымен күресті өткен ғасырдың 40-шы жылдары бастаған. Ол кезде бұл елде осы дертке жыл сайын 30 миллион адам шалдығып отырған.

Хабар 24 телеарнасы