Германияда нөсерлі жауын концерт өтіп жатқан театрдың шатырын ұшырып әкетті

Германия қаласы Штутгартта дауыл мен нөсерден опера театрының шатыры концерт кезінде ұшып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Сондай-ақ бірнеше жол өткелдері су астында қалды. Ал Баварияда бірнеше елді мекенді су басып,  тұрғындар жертөлелерден су сорып, көшелерден тонналап батпақ шығарып жатыр.