Маңғыстау облысында ауылдық округ әкімдерін сайлауға 14 учаске жасақталады

Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 46 ауыл болса, 12 әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталады. Әзірге кандидаттарды тіркеу жұмысы жүргізілуде. Айта кетейік, үміткерді 3 түрлі жолмен ұсынуға болады. Қазіргі таңда Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан 1 адам өз-өзін ұсынған.

Исахан Сағынбаев, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- 25 маусым күні 10 ауылдық округтің әкіміне сайлау өтетіні туралы шешім қабылданды. Халықтың сайлауымен өткізілетін болды. Олар Маңғыстау ауданынан 4 аулдың әкімі, Қызан, Тұщықұдық, Жармыш ауылының әкімдері. Бейнеу ауданынан да 4 ауылдың әкімі. Төлеп, Есет, Сарға, Сам. Қарақия ауданынан 1 ауылдың әкімі. Құланды ауылы. Түпқараған ауданынан да 1 әкім.