Ким Чен Ын КХДР-да «ұлы дағдарыстың» орнағанын мойындады

Ким Чен Ын алғаш рет Солтүстік Кореяда коронавирусқа қатысты қиындықтар барын мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Корея Жұмысшылар партиясы Орталық комитетінің Саяси бюро отырысында ол шенеуніктерді қатаң сынға алды. Айтуынша, билік өкілдері азаматтарды індеттен қажетті деңгейде қорғай алмаған. Бұл ел аумағында «ұлы дағдарыстың» орнауына әкелген. Сөйтіп, отырыс барысында бірнеше саясаткер отставкаға кетті.

Айта кетейік, «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша Пхеньян Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ешқандай деректерді бермеген.