Майами Дейд округінде үй апатынан қаза тапқан адам саны 18-ге жетті

АҚШ-тың Сёрфсайд қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің құлауынан опат болғандар саны артып, 18-ге жетті.

Құтқарушылар үйінділер астынан табылғандардың ішінде 2 және 10 жастағы екі бала бар. Бұл туралы қала билігі мәлімдеді. Бірақ әлі 140 адамның тағдыры белгісіз күйде қалып отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.

Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Сёрфсайд қаласында 12 қабатты тұрғын үйдің жартысы опырылып құлаған болатын.

Даниэлла Левин Кава, Майами Дейд округінің мэрі:

- Біздің құтқарушылар үйінділер астынан тағы екі адамның денесін тапты. Яғни опырылған үйден опат болғандар саны 18-ге жетті. Оның ішінде екі бала бар. Біз марқұмдардың жанұяларына қайғырып көңіл айтамыз.

Сондай-ақ...