Британияда жеңілмоторлы ұшақ құлады

Британияның Батыс Сассекс графтығында жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады.

Салдарынан екі адам қаза тапты. Апаттан 65 және 58 жастағы екі ер адам құрбан болған.

Әуе күштерінің хабарлауынша, ұшақ Гудвуд әуежайының маңындағы алаңға құлаған. Оқиға болған жерде жұмыс жалғасуда, жолдар жабылды.

Оқиғаның себептерін тергеу органдары анықтайды.

Сондай-ақ...